420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кейбір дәрі-дәрмекті елімізден сыртқа шығаруға шектеу қойылуы мүмкін

  • 97
  • UPD: 18:59, 24.11.2020
Кейбір дәрі-дәрмекті елімізден сыртқа шығаруға шектеу қойылуы мүмкін

Әсіресе, Қазақстан мен Ресей шекарасынан жиі өткізілетін медикаменттер тасымалына тыйым салынса игі.

Денсаулық сақтау министрлігі қазір тиісті бұйрық дайындап жатыр. Бұл туралы баспасөз жиынында Сауда және интеграция министрінің орынбасары Жанель Күшікова айтты. Қатаң бақылауға алынатын тізімге медициналық препарат пен жеке қорғаныш заттарының 59 атауы енгізіледі. Бұл ішкі тапшылық пен баға өсімінің алдын алудың қамы.

Жанель Күшікова, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:

- Бұл бірінші кезекте ұлттық экономика мен азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған мәжбүрлі шара. Алдын ала жасалған тиісті келісімдерді негізге алсақ және ұлттық қауіпсіздік пен халық амандығын қамтамасыз ету сұрағы тәуекелге қойылса, мұндай шектеулердің енгізілуі ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы