419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі кинотеатрлар санитарлық талаптарға толық сай емес

  • 147
  • UPD: 21:14, 24.11.2020
Шымкенттегі кинотеатрлар санитарлық талаптарға толық сай емес

Сауда ойын-сауық орталықтарын тексерген санитар дәрігерлер осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың сөзіне сүйенсек, ғимараттағы желдету құралдарының нашарлығына байланысты бұл кинотеатрлар әзірге жұмысын бастай алмайды. Егер кемшіліктер толығымен ретке келтірілетін болса, алдағы аптада олардың санитарлық талаптарға сәйкестігі тағы да тексерілмек.

Жұмабек Ержанов, қалалық бас санитар дәрігердің орынбасары:

- Барлық кинотеатрда желдету жүйесіне қатысты проблема бар. Кәсіпкерлер барлығы таза, бәрі айнадай жарқырап тұр деп есептейді. Алайда кинотеатрдағы, әсіресе, санитарлық-гигиеналық бөлмелердегі ауаның алмаспайтынын байқадық. Қорыта айтқанда, санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.

 

Хабар 24 телеарнасы