419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тапсырылған ПТР-тест деректерін сақтайтын мобильді қосымша әзірленіп жатыр

  • 182
  • UPD: 20:30, 24.11.2020
Тапсырылған ПТР-тест деректерін сақтайтын мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі аккредиттелген зертханалар туралы ақпарат және тапсырылған ПТР-тест деректерін сақтайтын мобильді қосымша дайындап жатыр.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Жанель Күшікова хабарлады. Бұрын осындай бағдарлама Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде әзірленеді деп хабарланған болатын. Жаңа қосымшаның көмегімен қолданушы жақын жерде орналасқан зертхананы тауып, саяхат кезінде ПТР-тестілеуден өте алады. Және оның нәтижесін QR-код арқылы көреді.

Жанель Күшікова, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:

- Бұл сұрақ қазір қаралып жатыр. Бірінші кезекте қаржыландыру мәселесі мен жүйені іс жүзінде пайдалану жағы пысықталуда. Жобаны егжей-тегжейлі зерттеп, практикалық қолданыс жолдарын ұсыну туралы тапсырма берілді.

Хабар 24 телеарнасы