427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы автобус паркі өзіне тиесілі субсидияны ала алмай отыр

  • 230
  • UPD: 23:24, 24.11.2020

Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын бірнеше компания өздеріне тиесілі субсидияны ала алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер мәселе шешілмесе, қыстың көзі қырауда автобустар жолға шықпай қалуы мүмкін.

Бұл автобус паркі қаладағы 13 бағыт бойынша қызмет етеді. Яғни, жолаушылар тасымалының 12%-і осы автобус паркінің үлесінде. Билет құнының төмендігіне байланысты тасымалдаушы компанияға қалалық бюджеттен субсидия төленеді. «Бірақ қазан айының субсидиясын әлі алған жоқпыз», - дейді компания басшылығы.

Серік Ұрымбаев, Жолаушылар тасымалдайтын компанияның директоры:

- 550 адамның жалақысын бере алмай отырмыз. Ол дегеніңіз не? Ол дегеніңіз, ертең жұмысқа шықпай бас тартады. Көлік жүргізушісі шықпағаннан кейін жаңағы көлікті, автобусты линияға шығару мүмкін емес. Жанармайсыз ол да мүмкін емес. Өйткені жанармайды қарызға біз бүгін хат жібердік. Бүгінгі таңда бір жетілік жанармайымыз бар.

Қосалқы бөлшекке де қаражат қажет. Паркте 250-ге жуық автобус бар. Оның біразы несиеге алынған. «Сол несиені өтейтін күн де жақындап келеді», - дейді кәсіпкер. Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын 20-дан астам компания болса соның 5-6-уы субсидиясын алмаған. Олар осы салаға жауапты қалалық Мобильділік басқармасының ұстанымын түсінбедік деп отыр.

Серік Ұрымбаев, Жолаушылар тасымалдайтын компанияның директоры:

- Егер ақшаның жетпей тұрғанын білсеғ менің өз ойым жаңағы тасымалдаушыларға тең қылып бөлсеғ онда ол дұрыс болар еді. Негізі заң бойынша солай болу керек. Біреуге беріп, біреуге бермеу ол заң бұзушылық деп санаймын.

Компания басшысы Серік Ұрымбаев жағдайды баяндап қала әкімінің атына хат жазғанын айтады. Егер мәселе жуық арада шешілмесе, аязды күндері қала тұрғындарының автобусты ұзақ күтетін түрі бар.

Осы мәселеге қатысты жаңа ғана Алматы қалалық мобильділік басқармасы түсініктеме берді. Енді сол мекеме мамандарының жауабын тыңдап көрейік.

Әсел Иманғалиева, қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы:

- «Бату Тревел» компаниясына субсидияның негізгі бөлігі бүгін күндіз төленді. Қаладағы барлық тасымалдаушыларға субсидияның басым бөлігі аударылды. Қалған бөлігін өтеу желтоқсан айының басына жоспарланып отыр. Аталмыш мәселе қалалық мобильділік басқармасы басшылығының бақылауында.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы