419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да көлік ұрлаған жігіт ұсталды

  • 152
  • UPD: 22:49, 24.11.2020
СҚО-да көлік ұрлаған жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында көлік ұрлаған 25 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал оған көмектескен сыбайласы іздестіріліп жатыр. Екеуі Петропавлдағы көп қабатты тұрғын үйдің ауласынан жүрмей тұрған «Тайота Ланд Крузер» көлігіне аккумулятор салып, іске қосқан. Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер олардың ізіне түскенімен, бірден тоқтатата алмады. Тәртіп сақшыларының жолын жеңіл көлігімен өзге бір азаматты бөгеуге тырысқан. Бірақ өзі ұсталған жоқ. Темір тұлпарын жапан далаға тастап, қашып кеткен.

Сейілбек Елжасов, қалалық ЖПБ бастығының орынбасары:

- Новоникольск ауылының маңында «Тайота Ланд Крузер» автокөлігі, «Ауди» автокөлігі тоқтатылды. Сол «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін ұрлаған азаматы ұсталды. Ал «Ауди» автокөлігінің азаматы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы