419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ағашты аяусыз отағандар іздестіріліп жатыр

  • 98
  • UPD: 23:29, 24.11.2020
Алматыда ағашты аяусыз отағандар іздестіріліп жатыр

Кеше Төле би даңғылының бойында орналасқан ірі сауда үйінің жанында өсіп тұрған 9 емен және 4 қарағашты әлдекімдер бір түнде кесіп тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы тұрғындар наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде жарыса жазды. Осы мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ілігіп, қала әкіміне кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Қазір аудан әкімдігі мен Полиция сондай-ақ жасыл экономика басқармасы кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кенесары Бағбанұлы, қала прокурорының көмекшісі:

- Алматы қаласының мамандандырылған табиғаттты қорғау прокуратурасы осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Қылмыстық кодекстің 340-бабына сәйкес. Ол бізде, яғни, ағаштарды, бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру фактісі бойынша. Бұл 120 МРП айыппұл көрсеткішіне дейін санкция салынады. Немесе 30 күнге дейін қамауға алынады. Қазір сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша нақты процесуалды шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы