419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде карантин мерзімі ұзартылды

  • 218
  • UPD: 07:42, 25.11.2020
Өскеменде карантин мерзімі ұзартылды

ШҚО-да шектеу шараларын сақтау мерзімін тағы екі аптаға ұзарту туралы қаулы қабылданды.

Өйткені өңір әлі де қызыл аймақта. Дегенмен оң өзгерістер де бар. Айдың басымен салыстырғанда күнделікті жаңа деректердің тіркелу көрсеткіші 30-40%-ке азайды. Алайда босаңсуға болмайды. Өйткені сары аймаққа оралу үшін күн сайын вирус жұқтыру көрсеткіші 100-ден аспауы тиіс.

Жаңа қаулыға сай ашық алаңқайдағы және ғимарат ішіндегі кейбір базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда бұл кішігірім жеңілдіктер Алтай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласы үшін қолданылмайды. Себебі аталған өңірлердегі ахуал тұрақталмай тұр. Шектеу шараларын ұзартудың негізгі себебі: індеттің өршуін тоқтатып, қызыл аймақтан шығу.

Талғат Тұңғышпаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі

– Індетпен күресу үшін мыңдаған дәрігер, полиция қызметкерлері, санитарлық қызметкерлер, жергілікті басқарма орындары жұмыс істеп жатыр. Сондықтан жақын арада жемісін береді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы