427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалы анықталды

  • 150
  • UPD: 09:42, 25.11.2020
Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалы анықталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 550 млн астам тенгені құраған 2,4 мың тонна мұнай өнімі көлемінде жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолын кесті», - делінген хабарламада.

Күдіктілердің іс-әрекеті санкциясы мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 197 бабының, 2-б.,3-т. сәйкес сараланды.

Күдіктілер ұсталып, оларға қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын колданды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қылмыс жағдайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы