420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыға мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген Ресей азаматы депортацияланды

  • 491
  • UPD: 12:12, 25.11.2020
Алматыға мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген Ресей азаматы депортацияланды

24 қараша күні Қазақстан аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 420 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам – ҚР азаматтары келді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен 184, анықтамасыз 7 адам келді. Алматы қаласының әуежайына 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен 1145, анықтамасыз 84 жолаушы келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы COVID-19 тестінен өткені туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Хабар 24 телеарнасы