420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді

  • 109
  • UPD: 12:32, 25.11.2020
Қызылорда облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан 20 грамға жуық марихуана алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы барысында 23 қараша күні түнде Жосалы кентінің 35 жастағы жұмыссыз тұрғынынан ішінде өсімдік тектес зат бар екі орама алған.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған орамалардағы зат жалпы салмағы 20 грамға жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекуссорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы