419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы елді мекендерде карантиндік шектеулер енгізілді

  • 118
  • UPD: 17:40, 25.11.2020
Павлодар облысындағы елді мекендерде карантиндік шектеулер енгізілді azattyq-ruhy.kz

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталмай тұр.

Соңғы аптада короавирустық инфекцияны жұқтырудың өсімі 10,8%-ті құрады. Нақтырақ айтқанда, 547 жаңа дерек тіркелді. Өсім облыс орталығынан бөлек аудандарда тіркелуде. Сондықтан Шарбақты, Успен және Аққулы аудандарында санитарлық бекеттер қойылды. Себебі бір елді мекенде бірнеше адам ауру жұқтырған. Ертең Баянауыл ауданының Майқайың кентінде де уақытша тосқауыл бекеті орнатылады. Елді мекенде бірден жеті дерек тіркелді. Сондықтан жедел штаб мүшелері осындай шешім қабылдады. Аймақта шеттен вирус әкелу деректері де анықталып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 155 факті белгілі. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында қоғамдық мониторингтік топтардың саны 176-ға жетті. Тексеріс жұмыстары жиі жүргізілетін болды. Сақтық шаралары шеңберінде демалыс күндері қоғамдық тамақтаны, сауда орындары жұмыстарын тоқтатады. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да уақытша болмайды.

Гүлнар Ақылбекова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Біз қызыл аймақтамыз. Бүгінде сақтық шараларының барлығы белгіленген тәртіпке орай жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысындағыдай жағдай болып жатса, шектеу шараларын күшейтеміз. Қазіргі уақытта ауру жұқтыру деректерінің өсімі науқастармен байланыста болған азаматтардың көптігімен байланыстырылады. Өкінішке қарай, жаңа деректер індетке шалдыққандармен байланыста болғандар арасында анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы