430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық полицейлер дәрі-дәрмек контрабандасының жолын кесті

  • 634
  • UPD: 15:32, 25.11.2020
Түркістандық полицейлер дәрі-дәрмек контрабандасының жолын кесті

Түркістан облысында жалпы құны 34 млн теңгелік дәрі-дәрмек контрабандасының жолы кесілді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары Сарыағаш ауданында жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында фургон автокөлігінің ішінен тиісті құжаттары жоқ 254 қорап болатын дәрілік препараттар табылды. Тәркіленген заттардың ішінде: бисептол, кетонал, глицин және басқа да дәрі-дәрмек түрлері болған. Сондай-ақ аталған жүк Өзбекстан Республикасының азаматына тиесілі екендігі белгілі болды. Оның дәрілік препараттарды Ресей Федерациясынан Өзбекстанға контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды. Түркістан облысының полицейлері құқық бұзушылардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтып отыр.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Дәрі-дәрмектің пайдалану уақыты да өтіп кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда бұл жайт Сарыағаш аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы