419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылы коммуналдық тарифтер өспейді

  • 129
  • UPD: 15:32, 25.11.2020
2021 жылы коммуналдық тарифтер өспейді

Келер жылы елде коммуналдық тариф ақысы өзгермейді.

Бағаны тұрақты ұстап қалу үшін нақты ереже бекітілген. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2021 жылы 38 субъект тарифті жоспар бойынша көтеруге тиіс болатын. Сондай-ақ 143 субъектімен тарифтік келісімі аяқталды. Олар келер жылға жаңа баға бекітуі керек. Қазір барлығынан ұсыныс түскен. Алайда бағаны тұрақтандыру бойынша барлық өңірінде жұмыс жүріп жатыр. Соңғы төрт жылда тұрғын үй шаруашылығы саласына 665 млрт теңге инвестиция салынған.

Ерболат Ибрайханов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

– 2019-дан 2020 жылға өткен кезде тариф жоспарлы 15,5%-ке өсуі керек болатын. Бірақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес тарифтің өсуі 0,5%-ті құрады. Жылумен жабдықтау 3,1%-ке төмендеді. Сумен жабдықтау 0,2%-ке төмендеді. Тек қана өскен электр энергиясымен жабдықтау 5%-ке жоғарылаған. Бұл жерде өсу өндірушілердің бағаны арттыруына байланысты болып отыр. Жалпы осы тарифті өсу деңгейін тежеу және түсіру кезінде тұрғындар 27 млрд теңге үнемдеді.

Хабар 24 телеарнасы