419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстаннан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жөнелтілді

  • 117
  • UPD: 14:57, 25.11.2020
Қазақстаннан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жөнелтілді

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын және 2 млн медициналық бетперде жіберді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн медициналық бетперде жіберді», - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн теңгеге жуық. Атап айтқанда, «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарының құны – 328 млн теңге, «Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн теңге.

Хабар 24 телеарнасы