419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында алдағы бес жылда ауыз су мәселесі толықтай шешіледі

  • 100
  • UPD: 17:30, 25.11.2020
Алматы облысында алдағы бес жылда ауыз су мәселесі толықтай шешіледі

700-ден астам ауыл орталықтандырылған жүйеден ағатын таза тіршілік нәрін тұтынатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірді көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 76 процентке жеткізілмек. Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 80-нен аса ғимарат салынады. Жетісу жерін тамашалауға келетін туристер саны 2 млн-нан 3,5 млнға жуықтайды. Осының барлығы «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін жоспарланған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асатын болады. Саяси ұйымның кезектен тыс ХХ съезіне онлайн режимде жетісулықтар да қатысты. Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлер көпбалалы аналар мәселесіне арналған агенттік құру туралы ұсынысын білдірді. 

Әлия Әбсеметова, медиа-волонтер&

– Ол агенттіктің аналарға деген маңызы зор деп ойлаймын. Себебі бір мәселені шешу үшін екі үш күн жүресің. Ал бұл жерде бір ғана жерге барып, мәселені шешеді деп есептеймін. Ол аналарға тиімді болады. Бюрократияны алып тастайтын мәселе болады.

Хабар 24 телеарнасы