Олар: Есжан Оразалин, Геннадий Зенченко мен Дмитрий Колода.
Саяси ұйымның кезектен тыс құрылтайына 19 делегат қосылды. Онлайн кездесуге қатысушылар бас партияның алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын мұқият тыңдап, ой-пікірлерін айтты. Маңызды құжатта көтерілген мәселелердің бірі – білім беру саласы. Бұл ретте Президент оқу гранттарын 2 есеге көтеруді тапсырды.
Ербол Исақаев, Kozybayev university басқарма төрағасы-ректорының м.а:
– Президент докторанттар мен магистранттардың шәкіртақысы көтеріледі деді. Мысалы, докторанттар қазір 150 мың теңге алады. Бұл оларға ғылыми еңбектерді терең зерттеуге мүмкіндік береді.