420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО әкімдігі 3 млн теңгеге қалам сатып алмақ болған

  • 133
ШҚО әкімдігі 3 млн теңгеге қалам сатып алмақ болған

Кеңсе тауары туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу туралы лотта жарияланған.

Алайда іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент араласып, қаражатты бюджетке қайтарды. 3 миллион теңгенің қаламына тапсырыс берген мемлекеттік мекемеге қатысты ақпарат жоқ. Өңірде осындай қымбат баға бойынша жасалған өзге де келісімдер болған екен. Олар да тоқтатылды. Бақылау күшейген соң аймақтағы кейбір мемлекетттік қызмет басшылары көлік алу, жиһаз бен кеңсе техникаларын жаңартудан бас тартқан. Нәтижесінде бюджеттің 1 миллиард теңгесі үнемделді.

Жігер Байділдин, облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары:

– Біздің облыста қалам сатып алуға 3 миллион теңгеге қаражат жоспарланғанын анықтадық. Біздің араласуымыздан соң бұл сатып алулар тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы