425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысындағы бірнеше ауылда карантиндік шектеулер енгізілді

  • 208
  • UPD: 22:05, 25.11.2020
Павлодар облысындағы бірнеше ауылда карантиндік шектеулер енгізілді

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталмай тұр.

Соңғы аптада 547 адам коронавирус жұқтырған. Өсім 10,8 процентке жетті. Вирус облыс орталығынан бөлек аудандарда да анықталған. Осы себепті Шарбақты, Успен және Аққулы аудандарында санитарлық бекеттер қойылды. Себебі бір елді мекенде бірнеше адам ауру жұқтырған. Ертең Баянауыл ауданының Майқайың кентінде де уақытша тосқауыл бекеті орнатылады. Бұл елді мекенде бірден жеті дерек тіркелді. Өңірге өзге аймақтардан келгендерден де вирус анықталып жатыр. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін қосымша қоғамдық бақылау топтары құрылды. Олардың жалпы саны 176-ға жетті. Тексеріс жұмыстары жиі жүргізілмек. Енді сақтық үшін демалыс күндері қоғамдық тамақтану, сауда орындары жұмыстарын тоқтатады. Қоғамдық көліктердің қатынауына да шектеу бар.

Гүлнәр Ақылбекова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Біз «қызыл» аймақтамыз. Бүгінде сақтық шараларының барлығы белгіленген тәртіпке орай жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысындағыдай жағдай болып жатса, шектеу шараларын күшейтеміз. Қазіргі уақытта ауру жұқтыру деректерінің өсімі науқастармен байланыста болған азаматтардың көптігімен байланыстырылады. Өкінішке орай, жаңа деректер індетке шалдыққандармен байланыста болғандар арасында анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы