432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Sulpak» сауда орталығы жанындағы ағаштарды отаған күдіктілер анықталды

  • 297
  • UPD: 22:05, 25.11.2020
Алматыда «Sulpak» сауда орталығы жанындағы ағаштарды отаған күдіктілер анықталды

Бұл жөнінде қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған. Оның айтуынша, кәсіпкер әйел қылмыстық жауапқа тартылады. Ал «Sulpak» компаниясына қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, Төле би көшесінде кесілген бұл 13 түп – Қазақстанның Қызыл кітабына енген ағаштар.

Рустам Әбдірахманов, қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары:

– Қылмыстық іс бойынша тергеу басталды. Жауапқа тартылған тұлғадан бөлек біз «Sulpak» компаниясының оқиғаға қаншалықты қатысы бар екенін анықтаймыз. Өйткені аумақты абаттандыру бойынша келісімшарт осы компаниямен жасалған.

Хабар 24 телеарнасы