419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде коронавирустан қорғану үшін «Сақ бол» мобильді қосымшасы әзірленді

  • 255
  • UPD: 09:01, 26.11.2020
Елімізде коронавирустан қорғану үшін «Сақ бол» мобильді қосымшасы әзірленді

Елімізде «Сақ бол» мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қауіпті індеттен қорғану үшін жасалды. Мобильді қосымшаны смартфонға жүктеген соң «Блютузды» қосып қою керек. Оның көмегімен адамдар арасындағы арақашықты сақтау жеңіл. Әлгі қосымша сәт сайын белгі беріп отырады. Сосын егер әлдекімнен вирус анықталып, ол ақпаратты мобильді қосымшаға енгізсе, сізге хабарлама келеді. Вирус жұқтырған адамның соңғы екі аптада сізбен байланыста болған-болмағанын біліп отырасыз. Мамандар осы қосымшаны жүктеп алуға кеңес беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы