419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғандағы жаңа жұқпалы аурулар госпиталінен жүз адам емделіп шықты

  • 110
  • UPD: 09:30, 26.11.2020
Жезқазғандағы жаңа жұқпалы аурулар госпиталінен жүз адам емделіп шықты

Жезқазған қаласындағы жаңадан ашылған жұқпалы аурулар госпиталі науқастарды қабылдауға толығымен дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

200 адамға арналған емдеу мекемесі өте қысқа мерзімде салынған. 20 төсектік жансақтау бөлімі бар. Жұмысын бастағанына аз болса да, мұндағы дәрігерлер COVID-19 дертіне шалдыққан 100-ге жуық адамды емдеп шығарған. Оның әрбір бесіншісінде індет ауыр түрде өткен. «Бұндай нәтижеге заманауи құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмектің және білікті дәрігерлердің арқасында қол жеткіздік», - дейді госпиталь басшысы. Айта кету керек, мұндағы дәрігерлердің басым бөлігі Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қаласынан келіп жұмыс істеп жатыр, ал орта және кіші медициналық қызметкерлер – жергілікті мамандар.

Қарлығаш Шариязданова, Жезқазған қаласындағы жұқпалы аурулар госпиталінің директоры:

- Бұндай әлемдік деңгейдегі керемет стационар Қарағанды облысының басқа еш өңірінде жоқ. Қазір біз жансақтау бөліміндегі және стационардағы медицина мамандарына бар білгенімізді үйретіп жатырмыз. Түрлі тренингтер, нұсқаулықтар өткіземіз. Ертеңгі күні іссапарымыз аяқталып, біз үйімізге қайтқанда мұндағы қызмет көрсету сапасы құлдырамай, сол деңгейде қалуы керек. Мақсатымыз сол.

Хабар 24 телеарнасы