420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құс тұмауы: Павлодар тұрғындарына айдың соңына дейін өтемақы төленіп бітеді

  • 105
  • UPD: 09:35, 26.11.2020
Құс тұмауы: Павлодар тұрғындарына айдың соңына дейін өтемақы төленіп бітеді

Құс тұмауына байланысты үй құстары тәркіленген Павлодар облысының тұрғындарына өтемақы төленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде олардың жеке шотына 35 миллион теңге аударылған. Жергілікті билік қалған сома қараша айының соңына дейін толық төленетінін айтып отыр. Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының ортасында өңірде құстардың жаппай қырылу дерегі тіркеліп, індет ошағы бес ауданнан анықталған еді. Республикалық эпизоотикаға қарсы жасақ жұқпалы кеселдің алдын алу үшін 28 мыңнан астам үй  құсының көзін жойды. Құс тұмауының ең ірі ошағы Железин ауданының Жаңа Жұлдыз ауылында тіркеліп, қауіпті індеттен екі мыңдай қаз-үйрек қырылып қалды. Осыдан кейін облыс аумағындағы барлық қанаттыларға екпе жасалды. Өңірге 500 мың доза вакцина бөлініп, егу жұмыстары 13 аудан бойынша 282 ауылды қамтыды.

Марат Әбсалықов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Барлығы 11726 бас құсқа өтемақы төленді. Құжаттарды реттеу кезінде енгізілген түзетулер де бар. Мәселен санақ жүргізілгенімен олар тізімге кірмей қалған. Осы жағдайлар тез арада реттеліп, барлық құжатты республикалық орталыққа жібердік.

Хабар 24 телеарнасы