420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде ақша қаражаттарын заңсыз қолма-қолға айналдырған кәсіпорын басшысы сотталды

  • 119
  • UPD: 09:43, 26.11.2020
Өскеменде ақша қаражаттарын заңсыз қолма-қолға айналдырған кәсіпорын басшысы сотталды Baribar.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асыру фактісінің жолын кесті.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екінші деңгейлі банктердің бірінен ақша қаражатының жүйелі түрде қолма-қолға айналдырылып тұрғаны анықталды.

Өскемен қаласындағы банктердің бірінде 14,9 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражатын қолма-қолға айналдыру барысында жалған кәсіпорындардың бірінің басшысы ұсталды.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу жұмыcтарын жүргізу барысында Өскемен қаласы тұрғынының 2015-2019 жылдар аралығында жалған 4 кәсіпорынды өзінің туыстары мен таныстарына тіркей отырып, жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан. Бұл кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй-жай, өндірістік техникалық база және қызметкерлер штаты болмаған.

Жалған фирмалардың басшыларының қаржы шаруашылық мәселелерімен айналыспағаны, бухгалтерлік есеп жүргізбегені және салық есептерін тапсырмаған анықталды.

Іс жүзінде фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан.

Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 852,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталды.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 28 және 216 баптарының 3-б. кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы