420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 156 жылыну пункті әзірленді

  • 107
  • UPD: 09:50, 26.11.2020
Ақтөбе облысында 156 жылыну пункті әзірленді

Ақтөбе облысында жол бойында қалғандар үшін 156 жылыну бекеті әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі барлық ауданды қамтитын бұл орындарға 10 мыңнан астам адам сыяды. Олардың ішінде тиісті құрал-жабдықтарымен қамтылған 17 жылжымалы нысан да бар. Қазір аймақта қысқы маусымда болатын түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстар қауырт жүргізіліп жатыр. Жолдың қауіпті тұстарына құм мен тұз сияқты инертті материалдар жеткізіліп, мердігер мекемелердегі арнаулы техника тексерілді. Биыл облыс көлеміндегі жолдарды күтіп ұстауға 729 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Айта кету керек, өткен маусымда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 2 мыңға жуық жолаушыны қар құрсауынан құтқарған.

Бауыржан Баядилов, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

- Қыс мезгіліне төтенше жағдайларды жоюға қатысты 37 құрылым құрылып, 500-ден астам техника мен 900-ден астам адам дайындыққа келтірілді. 400 мың тоннадан астам инертті материалдар қазір орындарына жеткізілді.  Қажет болған жағдайда барлығы қолдануға дайын. Қардан қорғау қалқандары тексеріліп, барлығы қаралып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы