Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолын қауіпсіздендіруге арнайы мамандар тартылады
- 123
- UPD: 09:58, 26.11.2020

Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолын қауіпсіз ету жұмыстарына арнайы мамандар тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір қала билігі бұл нысанды 1 желтоқсанға дейін өз балансына өткізуге қамданып жатыр. Маңызды туристік жобаны «Маңғыстау құрылысинвест» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жүзеге асырып, осы күнге дейін жай-күйін бақылап келді.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қараша күні үлкен жартас төменге құлап, ағаш көпірдің бір бөлігі опырылып кеткен еді. Қазір бұл аумаққа кіретін жолдар жабық тұр. Жүріп-тұруға қауіпті екені соқпақ бойында тұрған дыбыстық құрылғылар арқылы ескертіліп жатыр.