420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының мемлекеттік қызметшілеріне ротациялаудың жаңа қағидасы түсіндірілді

  • 113
  • UPD: 12:08, 26.11.2020
Алматының мемлекеттік қызметшілеріне ротациялаудың жаңа қағидасы түсіндірілді Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы 13 қарашасында мемлекеттік қызмет саласында қарастырылған кейбір актілерге өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және ауыстыру жөнінде енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша онлайн вебинар өткізді, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Вебинардың спикері ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Дастан Секенов сөз сөйледі.

Вебинар өткізу барысында департамент басшысы саяси қызметшілерді ротациялау институтының енгізілгенін атап өтті (бұрын ротация тек әкімшілік қызметшілерге қолданған болатын).  

Сонымен қатар «Б» корпусы қызметшілерін ротациялау туралы айтылып өтті. Яғни әкімдіктің басқарма басшыларының аймақаралық ротациясы енгізілді (бұрын оларды ротациялау бір әкімдіктің ішінде болатын). Алайда аталған ротациялау агенттіктің келісімімен жүзеге асырылады, яғни әкімдіктерде командалық ауысымдарға жол бермеу көзделген.

Осылардан бөлек белгілі бір басшылық лауазымдарды, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істеген «Б» корпусы қызметшілерін ерікті ротациялау енгізілді.

Сонымен бірге «Б» корпусы қызметшілерін мемлекеттік органның ішінде ауыстыруға мүмкіндік берілді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органның ішінде ауысу тәртібімен тең лауазымға ауысуға және сол мемлекеттік органда соңғы екі жылда төменгі лауазымда жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарғы лауазымға ауысуына болады.

Ротацияның негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірбиесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылатынын спикер сөз барысында атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы