420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл басынан бері 320,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімдері анықталды

  • 129
  • UPD: 14:40, 26.11.2020
Елімізде жыл басынан бері 320,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімдері анықталды azattyq-ruhy.kz

Мемлекеттік кірістер органдарымен 2017 жылы – 6 миллион 400 мың литр, 2018 жылы – 3 миллион 700 мың литр, 2019 жылы – 6 миллион 100 мың литр, биылғы 9 айда 320,2 мың литр мөлшерінде заңсыз алкоголь өнімдері анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бұл ретте алкоголь нарығына қатысушылар алкоголь өнімдерін реттеу саласындағы заңнаманың нормаларын бұзғаны анықталған болатын (алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз және ілеспе жүкқұжаттарсыз сату, бекітілген бақылау маркаларынсыз сату).

Заңсыз алкоголь өнімдерінің 23,6%-і шекарадан өту кезінде және 76,4%-і алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды.

Сонымен бірге Қырғызстан Республикасымен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкелудің жолы кесілді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех таратылды: Алматы қаласында – 11, Алматы облысында – 4, Шымкент қаласында – 3, Түркістан облысында – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1.

Хабар 24 телеарнасы