425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада IX Азаматтық форум жалғасып жатыр

  • 295
  • UPD: 15:27, 26.11.2020
Елордада IX Азаматтық форум жалғасып жатыр

Елордада IX Азаматтық форум жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл іс-шара індетке байланысты онлайн-форматта өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл оны өз деңгейінде өткізуге кедергі емес. Қазір қатысушылар көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап іздеуде. Атап айтсақ, жемқорлықпен күрес, денсаулық сақтау, экология және өзге де салалардағы мәселелер. Айта кетейік, форум аясында спикерлермен тікелей байланыс орнатып, түйткілдерді бірге талқылауға болады. Үш күнде орталық мемлекеттік орган басшыларына 150-ден астам сұрақ пен ұсыныс түскен.

Хабар 24 телеарнасы