419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 370 мыңнан астам тұрғын спортпен белсенді айналысады

  • 94
  • UPD: 16:36, 26.11.2020
Елордада 370 мыңнан астам тұрғын спортпен белсенді айналысады

Нұр-Сұлтанда балалар мен ересектер арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Жаңа саябақтардың, алаңдардың ашылуы және аулаларды жайластыру тек қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының жақсы уақыт өткізулерін қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жүзеге асырылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінде 370 мыңнан астам Нұр-Сұлтан тұрғыны спортпен белсенді айналысады. Тек биылдың өзінде 760 мың шаршы метрден астам аумақ абаттандырылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

«Жастар белсенді түрде спортпен шұғылдана бастады, бұған қоса елордада көбірек орындардың ашылып, көпірлердің астына арнайы алаңдар, ірі спорт кешендері салынуда. Осының арқасында спортты дамыту барған сайын күшейе түседі», - дейді Street Workout Kazakhstan негізін қалаушы Әйтім Жақыпов.

«Елордамызда спорт қарқынды дамып келеді. Әртүрлі спорт алаңдары пайда болуда. Олардың көпшілігі спорт залдарына барады, түрлі секцияларға қатысады. Көптеген адамдар салауатты өмір салтына көңіл бөле бастады», - дейді бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы Арманжан Рузахунов.

Елордада 46,4 шақырым веложол, 975 спорт нысаны, 420 футбол алаңы, 81 Street Workout аймағы бар. Кәсіби спортшыларды қолдауға ерекше назар аударылуда.

Сонымен, елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасымен соңғы 10 жылда алғаш рет 2020 жылдың қазанында ұлттық құрамада ойнайтын спортшыларға, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы материалдық қолдау мөлшері көбейтілді. Бұрын ұлттық құрамаға түскен 84 спортшы ғана ай сайын төлем алып келсе, қазір олардың саны екі еседен астам артты.

Хабар 24 телеарнасы