420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Қарғалы өзенінің тасу қаупі туындады

  • 101
  • UPD: 16:51, 26.11.2020
Алматыда Қарғалы өзенінің тасу қаупі туындады

Алматыда Наурызбай және Алатау аудандары арқылы ағып жатқан Қарғалы өзеніндегі көпір астына мұз жиналып қалды.

Бұл жеке үйлер мен Райымбек даңғылын су басу қаупіне әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, көпір құрылымдарындағы мұз кептелісі ауа температурасының жылынуына байланысты пайда болған.

«Алматы қаласының құтқару қызметі үш күн бойы су тасу қаупін жоюмен айналысып жатыр. Бұл жұмыстарға арнайы алты техника мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. Табиғи құбылыс салдарынан әртүрлі жағдай туындайды. Сондықтан барлық өзендер мамандар мен қала әкімдігінің ерекше бақылауында болады», - деп хабарлады ведомствадан.

Хабар 24 телеарнасы