426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғылымға жеткілікті деңгейде қаржы бөліне ме?

  • 257
Ғылымға жеткілікті деңгейде қаржы бөліне ме?

Елімізде ғылымға бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 0,16%-ін құрайды.

Бұл ең төменгі көрсеткіштің өзінен 6 есе аз. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында сенатор Нұртөре Жүсіп осылай деді. Оның сөзінше, технологиясы дамыған елдер ғылымға жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 2,7%-ін бөледі. Ал бұл көрсеткіштің 1%-тен төмен болуы мемлекеттің ғылыми-техникалық саласына қауіп төндіреді», – деді депутат. Сондай-ақ ол елдегі ғылымның дамуын тежеп отырған мәселелерді де тізіп берді.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Кітапханалар мен архивтер – ғылымға бастайтын жол. Көптеген кітапханада кітапқа тапсырыс беру электронды түрде жүзеге асырылады. Кітапхана қорында сақталған кітаптар тұтастай толыққанды электронды тізімге енгізілмеген. Ұлттық кітапханалар мен мұрағаттарда құжаттар мен жазбаларды сақтау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Көне жазбаларды санитарлық нормаларға сай сақтамаса, көзге көрінбейтін әртүрлі паразиттер жеп қояды. Мұндай жағдайда түпнұсқаларын келешек ұрпаққа жеткізу қиындайды. Бізде реставрация саласы да дамымаған. Заманауи техникалармен көбірек жабдықтау қажет.

Хабар 24 телеарнасы