420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі республикалық жол ақылы болады

  • 114
  • UPD: 17:49, 26.11.2020
Ақтөбедегі республикалық жол ақылы болады

Ақтөбе облысындағы үш бағыттағы республикалық жол ақылы болады.

Ақтөбе мен Орал арасындағы және Ақтөбе-Қарабұтақ-Ырғыз арқылы Қызылорда бағыты мен Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор тасжолдарымен жүретін жүргізушілер келер жылдан бастап тиісті төлем жасауға міндеттеледі. Барлығы 800 шақырым шамасында. Қазір өңірде бұл мәселеге қатысты қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр. Сондықтан әзірге нақты құны белгіленбеген. Тестік режимде жол қозғалысын қадағалайтын 9 кешенді бейнебақылау құрылғылары орнатылды. Айта кету керек, ақылы жүйе тек жүк көліктеріне ғана қатысты. Ал жеңіл автомобиль иелері облыстағы республикалық жолдармен тегін өтетін болады.

Айбол Данағұл, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары:

– Жүк көліктерінен түскен қаржы ол біздің «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының тарапынан бақыланады. Кез келген жүргізуші өзінің төлеген ақысы қайда кетіп жатқаны туралы мәліметті біздің министрліктен және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының сайтынан және 1403 телефоны арқылы кез келген уақытта біле алады.

Хабар 24 телеарнасы