419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда таразы арқылы алдаған саудагерлер қулығы әшкереленді

  • 203
  • UPD: 17:48, 26.11.2020
Қостанайда таразы арқылы алдаған саудагерлер қулығы әшкереленді

Қостанай базарында тұтынушыларды алдап, таразыдан жеген саудагерлердің әрекеті әшкере болды.

Күзетшілердің бірі түн ортасында бірнеше өлшеу құралын ұялы телефонға түсіріп, бейнетаспаны WhatsApp мессенджері арқылы таратқан. Онда таразылардың төменгі жағы қораптармен қапталғанын көруге болады. Әккі саудагерлер қондырғылардың астынан жіп тартып ағашқа байлаған. Сөйтіп ағашты басқыш ретінде қолданып өлшенетін өнімге артық салмақ қосып отырған. Осы мәселе бойынша жергілікті билік қандай да түсініктеме беруден бас тартып отыр. Ал әлеуметтік желі қолданушылары «таразыдан жеген» саудагерлердің іс-әрекетін алаяқтыққа балап, жазасын беру керек дейді.

Хабар 24 телеарнасы