420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде киіктерді қорғау күшейтіледі

  • 107
  • UPD: 17:48, 26.11.2020
Ақтөбеде киіктерді қорғау күшейтіледі

Ақтөбе облысында биыл заңсыз киік атудың 16 дерегі тіркелді.

Өндірілген айыппұл көлемі бір млрд теңгеден асады. Ерекше қорғауға алынған дала жануарын атқандарға қатысты істердің кейбірі сотқа жолданған. Жалпылай алғанда, биыл браконьерлерден 400-ге жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді. Енді киіктерге қарсы аңшылыққа тосқауыл қою одан әрі күшейтілетін болды. Қазірдің өзінде жануарлардың жайылымы саналатын Әйтеке би және Ырғыз аудандарында инспекторлардың саны көбейту туралы шешім қабылданған.

Жасұлан Алданов, «Охотзоопром» ӨБ РМПК АӨФ инспекторы:

– Қазір күшейтілген режимде жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені қазір киіктің шағылысатын кезі. Қаңтар айына дейін созылады. Осы кезде «Охотзоопромның» инспекторлары Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келеді.

Хабар 24 телеарнасы