419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетау мен Степногорск қалаларына блокбекет қойылады

  • 133
  • UPD: 20:39, 26.11.2020
Көкшетау мен Степногорск қалаларына блокбекет қойылады

Бұл туралы бүгін аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина хабарлады.

Жаңа қаулы бойынша 28 қарашадан бастап бұл шаһарларға кіріп-шығуға тыйым салынады. Себебі вирус өршіп барады. Мәселен, өткен аптада өңірде 257 жағдай тіркелсе, осы аптада 444 адам қауіпті дерт жұқтырған.

«Ал олардың көбі Көкшетау және Степногорск қалаларынан», – дейді мамандар. Бұл шаһарларға тұрғындар жұмыс орнынан анықтама немесе емхананың жолдамасы секілді құжаттармен ғана кіріп-шыға алады.

Хабар 24 телеарнасы