419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік қоғамдық көлік жүргізушілері жалақы мәселесін көтерді

  • 102
Ақтөбелік қоғамдық көлік жүргізушілері жалақы мәселесін көтерді

Ақтөбеде қоғамдық көлік жүргізушілерінің шағымына қатысты мәселе әлі қаралып жатыр.

Мекеме басшылығымен арадағы қатынасты реттеп, жалақыларын көтеруді сұрағандардың талап-тілегі прокуратураға да жеткен. Бұл туралы тілшілерімізге жолаушы тасымалдаумен айналысатын кәсіпорын өкілдері айтты.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір аптадай уақыт бұрын 9-ыншы бағыттағы автобус жүргізушілері жалақыларын көтеруден өзге бұзылған көліктеріне уақытылы қосалқы бөлшектер беруді және күн сайын жолаушылардан түсетін ақы жоспарын төмендету жөнінде шағымданған болатын. Бұлар да жағдайды жолаушылардың азайып кеткенімен байланыстырады. Ал жұмыс беруші тарап еңбекақыны көтеру әзірге мүмкін еместігін айтады. Себебі компания қаржылық қиындыққа тап болған. Дегенмен жүргізушілер шағымына орай тиісті шараларды қолға алған.

Асанәлі Қайдаров, Жолаушы тасымалдау ұйымының бөлім басшысы:

– Олардың арыз-шағымдары прокуратура мен қала әкімшілігіне жазылған. Бірақ бәрін қарастырамыз. Олар – біздің жүргізушілеріміз, әріптестеріміз. Бұл сұрақты жақсы жағынан шешуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы