419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде ұстаздарды балағаттаған әйел жауапқа тартылды

  • 166
Ақтөбеде ұстаздарды балағаттаған әйел жауапқа тартылды

Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне Қарғалы орта мектебінің бірнеше мұғалімі арызданған.

Олардың айтуынша, ата-аналардың бірі педагогтарды балағаттап, абыройларына нұқсан келер сөз айтқан. Сол мектепте оқитын баласына жоғары баға қоюды да талап етіпті. Құзырлы органдармен жүргізілген тексерістен кейін болған жағдай расталды. Соған орай әкімшілік іс қозғалып, жауапты азамат айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Бұлбұл Күзембаева, облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі:

– Бізге түскен материалдардың барлығын мұқият тексеріп, аталған деректің орын алғандығына көзіміз жетті. Содан соң Әкімшілік кодекстің 409-бабына сәйкес іс қозғап, ол кісіге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы