419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда мұнай өнімдерін заңсыз саудалағандар ұсталды

  • 106
Павлодарда мұнай өнімдерін заңсыз саудалағандар ұсталды

Павлодарда ешбір құжатсыз мұнай өнімдерін саудалағандар ұсталды.

Экономикалық тергеу департаменті 2,4 мың тонна жанар-жағармайдың заңсыз айналымға шыққанын анықтады. Жалпы құны 550 млн теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, бұл – соңғы екі жылда тіркеліп отырған ірі көлемдегі қылмыстық оқиға. Осы іс бойынша 3 күдікті ұсталған.

Максим Зенгер, Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:

– Күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодекстің 197-бабы, 4-бөлімі және 2-тармағына сәйкес келеді. Оларға мал-мүлкін тәркілеу арқылы 3-6 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы ықтимал. Павлодардың мамандандырылған тергеу сотымен оларға 2 ай мерзімге қамауға алу шарасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы