419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі этномәдени бірлестік Елбасыға ризашылығын білдірді

  • 140
  • UPD: 23:20, 26.11.2020

Ақтөбедегі этномәдени бірлестік өкілдері көп ұлтты еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін сақтаудағы Елбасының ерен еңбегін атап өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған шарада Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи жолы мен татулық пен достықты дәріптеген Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы баға жетпес құндылық екенін жеткізді. Биыл Ассамблеяның құрылғанына ширек ғасыр толды. Айтулы мерекені жергілікті түрлі ұлт өкілдерінің кейбірі мұқтаждарға қолдау көрсетумен атап өткен. 

Шахбаз Жамалов тәуелсіз елдің негізін қалаушы Елбасымен бірнеше рет жүздескенін мақтаныш етеді. Ұлттар арасындағы достықты сақтаудағы саясатын өзі басшылық ететін «Әзірбайжандар қауымдастығының» ақтөбелік мүшелеріне де дәріптеп келеді. Ұйым қазіргі пандемия кезеңіне орай биыл көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді ұйғарған.

Шахбаз Жамалов, «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі АОФ төрағасы:

– Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Бұл – үлкен мейрам. Ассамблеяны жаратқан біздің тұңғыш Президент қой. Қазақстан бойынша 100-ден астам халық бар. Бәріміз тату бір жерде жұмыс істеп, өмір сүріп жатырмыз.

Бүгінде Ақтөбе облысында 90-нан астам ұлт өкілдері тұрады. Тату-тәтті өмір сүріп, Отанның дамуы үшін әр салада ортақ еңбек етіп жүр. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орналасқан 18 этномәдени бірлестікте ұлттық болмысты сақтап, насихаттау жұмысы да жүйелі жүріп тұрады. Оның ішінде қазақ тілін үйренуге де аса мән берілген. Барлығы да Елбасының елді дамытудағы ерен еңбегін жоғары бағалап, түрлі іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Оңдасын Оразалин, облыс әкімі:

– Бұл – барша халқымыздың Елбасына шынайы ризашылығын білдіріп, өзіміздің даму жолымызға көз жүгіртін, ой қорытатын сәт. Шынын айту керек, мұндай Ассамблея теңдесі жоқ дүниежүзілік қауымдастық ішінде. Біз Ақтөбе өңіріндегі әр этностың өкілдерінің дамуына атсалысамыз.

«Ортақ шаңырақ астында» атты шара аясында «Біз біргеміз» акциясына белсене қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды. Ал этномәдени бірлестік өкілдері облыс әкімінің сыйақысына ие болды.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

 

Хабар 24 телеарнасы