419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кесілген ағаштардың орнына 30 түп емен отырғызылды

  • 97
Алматыда кесілген ағаштардың орнына 30 түп емен отырғызылды

Алматыдағы Төле би көшесінің бойындағы кесіп тастаған 13 түп ағаштың орнына 30 түп емен егілді.

Бұл жұмысты атқарған қала әкімшілігі мен волонтерлық қозғалыс өкілдері. Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын шаҺардағы ірі сауда үйінің жанында жайқалып тұрған 9 емен мен 4 қарағаш бір түнде кесілген болатын. «Қызыл кітапқа» енген ағаштардың заңсыз кесілуі тұрғандар арасында үлкен наразылық тудырып, мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына іліккен еді. Осы мәселе бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Біз соттың шешімін күтпей-ақ, яғни уақыт оздырмай кесілген ағаштардың орнына жаңасын егуді жөн деп санадық», – дейді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының өкілдері.

Наталья Ливинская, қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы:

– Қазір жер суып үлгерген жоқ. Сондықтан бұл ағаштар үсіп қалмайды. Керісінше Алматыда қарашаның соңына дейін ағаш отырғызуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ бұл емен ағаштары қалаға жақын жерден Алматы облысынан әкелінді. Сондықтан жерсініп кететіні анық. 30 түп ағаш екі қатарға бөлініп, барлық талапқа сай отырғызылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы