419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Газға көшкен Алматыдағы жылу орталығы экологияны жақсартады

  • 142
  • UPD: 23:50, 26.11.2020

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Алматы қаласы экологиясының жақсаруына атсалысып келеді.

Мысалы, 2017 жылдан бастап Алматыдағы бірінші жылу электр орталығы табиғи газға ауыстырылды. Маңызды шешімнің арқасында қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдықтардың көлемі анағұрлым азайған.

Бірінші жылу электр орталығы – еліміздегі ең алғашқы станциялардың бірі. Заманында станция шаһардың шетінде болатын. Жылдар өте қала дамып, айналасының бәріне үйлер салынды. Алматылықтардың жағдайын ойлаған «Самұрық-Энерго» сол себепті көмірден бас тартып, газға көшеді.

Исахан Сырғабаев, бірінші жылу электр орталығының басқарушы директоры:

– Түгелімен газға көшіп жатқанымызға төртінші жыл болды. Қазір алты энергетикалық бу қазанының барлығы газда жұмыс істейді. Содан кейін су жылытқыш қазандар да газда жұмыс істейді.

Газ көмірден қымбаттау болғанымен, тиімділігі жоғары. Ең бастысы, қоршаған ортаға зияны аз. Оның қаншалықты таза екенін станция маңындағы қардан-ақ байқауға болады. Жылу электр орталығы көмірді қолданған уақытта ауаға жылына 3 мың тонна зиянды қалдық бөлінетін. Қазір ол 800 тоннадан аспайды.

Исахан Сырғабаев, бірінші жылу электр орталығының басқарушы директоры:

2,5 еседен көп, 3 еседей түсіп қалды. Оның экологияға жақсы әсері бар. Біз жылумен қаланың осы орталығы мен шығысын қамтамасыз етеміз. Электр қуаты жағынан 10%-ін біз қамтамасыз етеміз.

Соңғы жылдары әлемде жасыл технологияларға ауысу үрдісі байқалады. Қазақстанда біртіндеп таза отын түріне көшіп келеді. Болашақта «Самұрық-Энерго» компаниясы Алматыдағы өзіне қарасты екінші және үшінші жылу электр орталығын да табиғи газға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы