419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 450 иесіз электр желісі қала балансына беріледі

  • 100
  • UPD: 10:41, 27.11.2020
Алматыда 450 иесіз электр желісі қала балансына беріледі olx.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, 2019 жылы 6 аудандағы иесіз электр желілерінің 170 нысаны қаланың коммуналдық меншігіне алынған еді.

Бұл желілер қала әкімдігінің қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға әрі қарай қызмет көрсету үшін тегін берілді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгінгі күні қаланың 7 ауданында иесіз инженерлік желілердің 450 нысаны анықталды (оның ТП – 146 дана, электр желілері – 253,6 шақырым, жылу желілері – 19,7 шақырым, су құбырларының желісі – 66,4 шақырым, кәріз желілері – 24,1 шақырым) иесіз инженерлік қаланың 7 ауданындағы желілер. Оларға қатысты одан әрі қызмет көрсету үшін қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы соттың оң шешімі бар.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 129 электр желісі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға тегін берілді.

Жалпы ұзындығы 50,7 шақырым болатын сумен жабдықтау желілерінің 77 нысаны мен ұзындығы 15,1 шақырым болатын 63 кәріз желілері нысандарын «Алматы Су» МКК-ге тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бар.

Жылумен жабдықтау желілерінің 49 нысанын да «Алматы жылу желілері» ЖШС-не тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы дайын.

Қазіргі кезде қабылдау-тапсыру актілерін дайындау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы