425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа кресло-арбалармен қамтамасыз етілуде

  • 192
  • UPD: 10:27, 27.11.2020
Мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа кресло-арбалармен қамтамасыз етілуде

Қазақстанның бірқатар өңірінде мүгедектігі бар адамдарға электр жетегі бар кресло-арбалар беріле бастады.

2020 жылдың соңына дейін облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 1381 арба жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Мүгедектер арбасын өндіруші «Тыныс» АҚ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК еншілес ұйымы болып табылады. Тауар өндіру кезінде қазақстандық қамту үлесі 75% құрайтынын атап өту керек. Жалпы салмағы 75 келі, жүру қашықтығы 25 шақырымнан асады, жүк көтерімділігі 140 келіге дейін. Бұл – қазақстандық конструкторлардың өздері құрастырған өнімдер.

Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жеткізуші 817 бірлік кресло-арбаны еліміздің 12 облысына (Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан) және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына жөнелтті. 2020 жылдың соңына дейін тағы 564 электр жетегі бар кресло-арбаны жеткізу жоспарлануда.

Бұл шара ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ыңғайлы және өз бетінше қозғалуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы