419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда баласын аялдамада қалдырған әйел ұсталды (ВИДЕО)

  • 285
  • UPD: 13:53, 27.11.2020

Павлодардың вокзалынан тастанды бала табылды.

Жауапсыз ана кішкентай сәбиін спорттық сөмкеге салып, трамвай аялдамасына қалдырып кеткен. Бұл оқиға кеше түнде полиция инспекторлары мен волонтерлерді тікесінен тік тұрғызды. Олар сол маңды түгелдей шолып, куәгерлер іздестірілді. Араға екі сағат салып 33 жастағы әйел ұсталды. Белгілі болғаны, жас ана Павлодарға Семейден такси жалдап келген екен. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оның үш баласы бар. Үлкен ұлы әжесімен бірге Екібастұз қаласында тұрады. Аялдамадан табылған тоғыз айлық сәби қазір облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Суық тигені болмаса, баланың өміріне қауіп жоқ. Оның бойынан ешқандай жарақат іздері байқалмаған.

Әсет Ақбиева, облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

– Ауруханаға түскен кезде температурасы 37,8 болды. Тамағы қызарып кеткен. Жөтелі бар. Қазір жағдайы жақсы. Дене қызуы қалыпты деңгейде. Карантиндік бөлімшеге жатқызылып, ковидке тексеру үшін ПТР сынама алынды. Осы жерден балалар үйіне жіберіледі.

Нұрлан Мәсімов, облыстық полиция департаментінің басшысы:

– Баланы қауіпті жерге қалдырып кеткені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру барысында әйелдің тағы да 9 және 2 жастағы балаларының бары анықталды. Соңғы жылдары ол Тараз қаласында тұрған. Кенже баласын әдейі тастап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы