420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада 30 мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзған

  • 92
  • UPD: 13:38, 27.11.2020
Қызылордада 30 мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзған aif.ru

Қызылордада белгіленген жылдамдық режимін бұзудың 30 мыңнан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айынан бастап облыс орталығындағы автокөлік ағыны басым көшелерге АРКАН стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды. Жылдамдық өлшегіш құрылғыларды қоюдың негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін сақтап, жол-көлік оқиғаларының санын азайту болып табылады.

Құрылғылар іске қосылғаннан бастап 30 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының саны да өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Осыған орай құрылғылардың тиімділігін ескере отырып, облыс аумағында алдағы уақытта жылдамдық өлшеу құрылғыларын көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Хабар 24 телеарнасы