420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандағы PR саласы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арқау болды

  • 107
Қазақстандағы PR саласы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арқау болды

PR мамандарын дайындау үшін арнайы оқулықтар жоқтың қасы.

Қазақстандағы PR саласы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өзек болды. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен онлайн іс-шараға АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Қытай ғалымдары қатысып, ойларын ортаға салды. Ғалымдар қоғаммен байланыс саласын тек журналистикаға телуге болмайды дейді.

Серікзат Дүйсенғазы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі:

– Осы саланың аса маңызды екенін бәрі біледі. PR саласы дүние жүзіне танымал. Біз оны тек журналистикаға қатысты деп жүрміз. Бірақ олай емес, ауқымы кең. Кез келген салада PR араласпайтын сала жоқ. Оның барлығына жұмыс істейді. Алға жылжуына қызмет ететін үлкен сала.

Хабар 24 телеарнасы