419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 100 дерегі жасырылған

  • 87
  • UPD: 15:13, 27.11.2020
Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 100 дерегі жасырылған

Ақмола облысында коронавирус бойынша бұрын жасырылған 100 дерек қазір әшкере болып, өңірдің ресми статистикасына енгізілді.

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев хабарлады. Оның айтуынша, биыл жаз мезгілінде медициналық қызметкерлердің тапшылығына байланысты санитарлық дәрігерлер барлық деректі зерттеп үлгермеген. Айта кеткен жөн, қазір аталған өңір «қызыл аймақта».

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:

– Облыста медициналық бетперде, антисептик пен қорғаныш заттарын шығару жағы жолға қойылған. Тыныс зауыты өкпені жасанды желдету аппараттарын шығару көлемі 10 есе артты. Қазіргі уақытта 800-ден астам құрылғы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы