425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Көкшетау мен Степногорск қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынады

  • 302
  • UPD: 15:13, 27.11.2020
Көкшетау мен Степногорск қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынады

Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Жаңа қаулыда 28 қарашадан бастап аталған шаһарлардағы санитарлық бекеттерде карантин талаптары күшейтілетіні айтылған. Өйткені вирус өршіп барады. Мәселен, өткен аптада өңірде 257 жағдай тіркелсе, осы аптада 500-ге жуық адам қауіпті індетке шалдыққан. Ал олардың көбі Көкшетау және Степногорск қалаларынан дейді мамандар. Аталған елді мекендерге тұрғындар жұмыс орнынан анықтама, іссапар қағазы немесе емхананың жолдамасы секілді құжаттармен ғана кіріп-шыға алады.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– Егер Көкшетау және Степнгорск қалаларына өте тығыз жағдаймен кіріп-шығу қажет болса, ол адамнан мерзімі 3 күннен аспаған ПТР анықтамасы талап етіледі. Ал ұшақпен және пойызбен аталған тест нәтижесінсіз-ақ келіп-кете беруге болады. Ондағы шектеулер республикалық комиссияның шешімімен реттеледі. Ал қозғалысты түбегейлі тоқтату, яғни блок-бекеттер қою тек төтенше жағдай режимінде жасалатын іс-шара.

Хабар 24 телеарнасы