430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдегі қандастар Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне көмектесті

  • 219
  • UPD: 15:21, 27.11.2020
Шетелдегі қандастар Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне көмектесті

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен әлем елдеріндегі қазақ диаспоралары тарихи Отанына көмек жіберді.

Елдегі пандемиямен күреске өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, жеке қаражаттары есебінен миллиондаған дана медициналық бетперде жеткізіп, қиын сәтте қол ұшын берді. Бүгін елордада республикалық қауымдастық өкілдері қандастардың көмегін қабылдап, мұқтаж жандар мен пандемиямен күрестің алдыңғы шебіндегі медицина қызметкерлеріне таратты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қандастар тарапынан өкпені жасанды желдету аппараты мен дәрумендер жеткізіледі.

Қарлығаш Бекпатшақызы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы орталық кеңсесінің кеңесшісі:

– Тұрмысы төмен отбасыларға, зейнеткерлерге, емхана, мектептерге таратып жатырмыз. Мұның бәрі көп болар, аз болар, сақтық шараларын қолданып, тамшыдай болса да қосып жатқан көмегі. Елім деп алаңдап жатыр. Қазағым қиындық көрмесін деп жіберіп жатқан сәлемдемелері. Көп емеспіз. Азғантаймыз.

Хабар 24 телеарнасы