419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы Шонжы елді мекеніне 4 тексеріс бекеті қойылды

  • 177
Алматы облысындағы Шонжы елді мекеніне 4 тексеріс бекеті қойылды

Алматы облысының Шонжы елді мекенінде соңғы он күнде 21 адамнан ковид белгілері анықталған.

Індеттің өршуіне байланысты аудандық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен ауылға төрт бірдей тексеріс бекеті қойылды. Соның негізінде бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілді. Нақтырақ айтқанда, бір отбасы мүшелері болмаса көшеде топтасып жүруге тыйым салынды. Сауда үйлері мен дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылды. Елді мекенге сырттан келгендер кіргізілмейді. Тек азық-түлік тасымалдайтын және транзит арқылы өтетін медициналық, коммуналдық қызметтер мен өзге құрылымдардың мамандарына ғана рұқсат беріліп отыр. Оның өзінде жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізілгеннен кейін жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы